МТРА жаңалықтары

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП ҚАДАҒАЛАЙДЫ

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:

-“Қасым-Жомарт Тоқаевтың түбегейлі саяси реформа бағдарламасы жарияланғаннан бері екі айға жуық уақыт өтті. Иә, мерзім қысқа, бірақ жаңа Қазақстанды құру жолдағы шағын қадамдар біртіндеп жасалып жатыр. Қазіргі таңда Президент тапсырмаларының орындалуын арнайы мониторингтік топ қадағалайды. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мемлекеттік органдардың жұмысы қаншалықты өзгерді, жалпы ілгерілеу бар ма? Осы турасында сөз қозғалды».


РАФАЭЛЬ ГАСАНОВ, “Ел намысы” арнайы мониторинг тобының төрағасы:

Білім беру саласында мониторинг жүргіздік. Бұл бағыт бойынша кадр мен білім сапасын арттыру мәселесі әлі де өзекті. Президент еліміздегі колледждерді қалталы кәсіпкерлер өз қарамағына алып, студенттерді өз кәсіпорындарында тәжірибеден өткізу қажеттігін айтқан болатын. Білім сапасына қатысты әлі нақты қадам жасалып жатқан жоқ.

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:

-“Ел намысы” арнайы мониторинг тобы облыс және аудан тізгінін ұстаған әкімдердің де жұмысын таразылап жатыр. Ірі қалалардың басшылары мемлекет басшысының тапсырмаларын баяу орындауда, ал аудандарда бұл бағытта өзгеріс байқалмайды. Брифинг барысында тұрғындардың заңды білмеуін пайдаланып, бармақ басты, көз қыстылыққа жол беретін басшылар туралы да сөз қозғалды.

ДИДАР СМАҒҰЛОВ, “Ел намысы” арнайы мониторинг тобының мүшесі:


– Қарағанды облысының Теміртау қаласында шығыс полиция бөлімінің тергеушісі күдіктіден қылмыстық істі тоқтату үшін 500 мың теңге көлемінде пара талап етті. Құқықтық сауаттылық деңгейі төмен күдікті осы жөнінде бізге хабарласты. Бұл фактіге қатысты тергеу жұмысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер, ІІМ мамандары жұмылдырылды. Ақша талап еткен күдікті анықталды».

Брифингте СҚО жайлы да сөз қозғалды. Мамандар Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында салынуы тиіс Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тілге тиек етті. Аталған нысан осыдан 3 жыл бұрын қолданысқа тапсырылуы тиіс еді.

ДИДАР СМАҒҰЛОВ, “Ел намысы” арнайы мониторинг тобының мүшесі:

-Келісімшартқа 2019 жылдың қыркүйек айында қол қойылды. Нысан жыл аяғына дейін қолданысқа берілуі керек еді. Бірақ, бұл уақыт аралығында Дене шынықтыру- сауықтыру кешенін салып бітіру мүмкін емес. Тағы 5 қосымша келісім жасалды, ақыры соңында 2021 жылдың сәуіріне дейін уақыт берілді. Бүгінде аталған ғимарат сол күйі салынбады. Тапсырысберуші нысанның құрылысына қажет қаржының 70 пайызын мердігерге беріп қойған.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдияр Айтпаев