МТРА жаңалықтары

ДІНИ МАЗМҰНДАҒЫ МАТЕРИАЛ ЖАРИЯЛАҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Экстремистік мазмұндағы материал таратты. Петропавл қаласының тұрғыны осындай айыппен жауапкершілікке тартылды. 31 жастағы ер адам «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни мазмұндағы аудио мен видеожазба таратқан. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ал М.Жұмабаев ауданының тұрғыны «Instagram» және «Tik Tok» әлеуметтік желілерінде ел аумағында таратуға тыйым салынатын діни материалдарды жүктегені үшін 150 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері өңірде дін саласында 9 құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Оның үшеуіне қатысты іс әлі тергеліп жатыр, ал қалғанына қатысты айыпты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Самал Жунусова