Білім

БИЫЛ ӨҢІРДЕГІ 86 ОҚУ ОРНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ӨТЕДІ

Ағымдағы жылы өңірдегі 86 оқу орнында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланып отыр.

КҮЛЗАҒИРА НҰРТАЕВА, СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы:

– Соның ішінде: 10 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы, 66 бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы және 10 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы. 2022 жылдың 1 тоқсанында 16 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, оның ішінде 5 мектепке дейінгі ұйым, 11 орта білім беру ұйымы. 5 мектепке дейінгі ұйымның біреуі «Үздік» білім беру қызметінің бағалауымен аттестатталса, 4-уі аттестатталмады”.

Нәтижесінде аттестациядан 16 білім беру ұйымының екеуі ғана өткен. Ал аттестаттаудан өте алмаған оқу орындарының саны – 14. 4 білім беру ұйымына «аттестатталды» деген шешіммен қайталама қорытынды шығарылыпты.

КҮЛЗАҒИРА НҰРТАЕВА, СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы:

 – Мемлекеттік стандарттың ең көп тараған бұзушылықтары: ұйымдастырылған оқу қызметі кестесінің жұмыс және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі, бекітілген өтпелі тақырыптарды есепке алмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтардың ұзақ мерзімді жоспарын құруы, мектепке дейінгі ұйымдардағы апталық оқу жүктемесі көлемінің мемлекеттік білім беру стандартының білім беру мен оқыту тіліне қойылатын талаптарға сәйкес келмеу, оқушылардың дамуын бақылаудағы бұзушылықтар.

Олқылықты түзеу үшін білім беру ұйымының басшылығына белгілі бір уақыт беріледі.
Сол уақытта талап орындалмаса ҚР «Білім туралы» заңының 39-шы бабына сәйкес нысан тиісті лицензиясынан айырылады.

Дана Ешкенова