Қылмыс

Петропавлда 21 жастағы интернет-алаяқ ұсталды

Петропавлда бірнеше адамды сан соқтырып кеткен интернет-алаяқ ұсталды.
21 жастағы жігіт өткен жылдың қыркүйегінде магнитола сатып алғысы келген адамды алдап, 80 мың теңгесін жымқырып кеткен. Қу жігіттің осыған ұқсас бірнеше оқиғаға қатысы болуы мүмкін. Әзірге, 15 эпизод бойынша айыпталып отырған павлодарлық тұрғын интернет арқылы тек тұрмыстық техника ғана емес, сонымен қатар, асыл тұқымды мысық сатамын деп хабарландыру таратып келген.
Қазір бұл фактілерге қатысты тергеу жүріп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері СҚО-да 280-ге жуық интернет-алаяқтық тіркеліп, оның 77-сі әшкереленді.

Самал Жунусова