Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық аграрийлер егіс науқанына қамдануда

Солтүстікқазақстандық аграрийлер егіс науқанына қамдануда. Бүгінгі таңда дихандарымыз ылғал жабу мен себілетін тұқымды жылыту жұмыстарын тәмамдады.

Биыл облыста 4,3 млн гектар аумақта егін егу жоспарланып отыр. Оның басым бөлігінде дәнді және майлы дақылдар өсіріледі. Жемшөп, картоп пен көкөністерге – 370 мың, ал қарақұмыққа 10 мың гектардан астам жер бөлінді. Танаптарды әртараптандыру аясында жасымық өсірілетін жер – 50 мың, күнбағысқа тиесілі алқап 103 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалар тас-түйін дайын. Жанармай жеткілікті. Биыл диқандарға 71 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Бердимурат Баймухан