Әр түрлі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментінде ашық есік күні шарасы өтті

 

Ашық есік күні шарасына келгендердің басым бөлігі – құрметті еңбек демалысына шыққалы жүргендер. Аға буын өкілдерін толғандырған мәселе мынадай: зейнетақы қалай тағайындалады және оның көлемі неге байланысты? Ғазиза Мырзахметова 43 жыл бойы медицина саласында еңбек еткен. Алдағы қыркүйекте зейнеткер атанамын дейді. Ол үшін қандай құжат рәсімдеу қажет екенін алдын ала білу үшін келіпті.

Ғазиза Мырзахметова, қала тұрғыны:
– Осындағы мамандар барлығын айтып берді. 00:52 Еңбек кітапшамды қарағанда мен Ресейде жұмыс істегем. Сонда бір мөртаңбасы көрінбей тұр екен. Енді соған қағаздарымды дұрыстап, 7-сіне дейін алып келу керек. Ертерек келгенім оңды болды.

Мазалған сұрағына жауап іздеп келген азаматтарды еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласының қызметкерлерімен қоса әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақы қорларының мамандары да қабылдап жатыр. Нәзікжандылардың кейбіреуі “Еңбек өтілі декреттік демалыс кезінде есептеле ме?” деген сұрақ қойды.

Биыл сәуір айында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментінде қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Енді мұнда азаматтарды ұдайы қабылдау өткізіліп тұрады. Ол үшін экранда көрсетілген нөмірге алдын ала хабарласып, жазылу қажет. (39-72-10, 39-55-42). Бейінді депртамент басшысының орынбасары Гүлбақыт Манабаеваның айтуынша мұндай пайдалы шара тек қалада ғана емес, аудандарда да ұйымдастырылмақ.

Гүлбақыт Манабаева, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:
– Бұл шараның мақсаты – азаматтарды зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау бойынша ақпараттандыру. Департаментпен мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі. Оның 13-і бұл зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бойынша. Мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы құжаттар тапсырылады. Бір қызмет тікелей департаментке тапсырылады. Бұл мүгедектерді белгілеу болып табылады.

Жалпы, департамент мамандарына жарты күнде шамамен 10 адам келіп жолықты.

Самал Жунусова