МТРА жаңалықтары

Тұмылдырықсыз ит серуендету – заңға қайшы

Қоғамдық орындарда тұмылдырықсыз ит серуендету – заңға қайшы! Бірақ, мұны кейбір жандар ескере бермейді.

Жақында Петропавлдағы саябақтардың бірінде ер адам төрт аяқтыға тұмылдырық тақпай жүрген. Үй жануары жол-жөнекей ашық аспан астында қыдырған нәзікжандыға сес көрсетіпті. Осыдан соң азаматша мен азулының иесі арасында жанжал туған. Мәселені шешуге учаскелік инспектор шақырылыпты. Нәтижесінде тұмылдырықсыз ит серуендеткен адам 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалаған.

Байболат Култанов