МТРА жаңалықтары

Қаладағы көшелерде қозғалыс шектелмек

Петропавлдағы көшелерде қозғалыс шектелмек. Уақытша қолайсыздық шаһар ішіндегі жолдарды жөндеуге байланысты туындап отыр дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары. Құрылыс жұмыстары бірнеше жерде кезең-кезеңімен жүргізіледі. Яғни, Кәрім Сүтішев, Сәбит Мұқанов, Ульянов, Партизан мен Попов көшелерінде. Қазіргі күні мамандар Горький мен Бөкетов көшесінде жолды кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әсем Айтулова, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Аталмыш жоба аясында жол 15 метрге дейін кеңейтіледі. Жаңа жарық шамдар мен суағарлар салынады.

Бердимурат Баймухан