МТРА жаңалықтары

“AMANAT” партиясының қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қазіргі күні облысымызда 2800-ден аса жас спортшы бар. Ұл-қыздар спорттың 21 түрімен тегін айналысады.

Биыл аталған бағытқа облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Осылайша қатарға тағы 3 мыңнан аса бала қосылып, ақысыз түрде жаттыға алады. Бұл жайында бүгін “AMANAT” партиясының қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Сонымен қатар, жиын барысында өңіріміздегі мектептердің аттестациядан өтуі жайлы мәселе қарастырылды. Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айнагүл Сұрағанованың айтуынша биыл аймақтағы мектептердің біразында білім беру сапасы төмендеп кеткен.

Айнагүл Сұраганова, СҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

– Қазан жалпы білім беру мектебі оқушыларының білім сапасы нашар. Мамырдың 12-сі күні оларды тағы емтиханнан өткіземіз. Айыртау ауданындағы Ақанбұрлық бастауыш мектебінде де дәл осындай мәселе. Жыл соңына дейін аттестациядан өте алмаған мектептер мемлекеттік үлгідегі құжат беру құқығынан айырылады.

Татьяна Протопопова, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Ақанбұрлық бастауыш мектебін бақылауымызға алдық. Осы аптада ол жаққа арнайы топ жібереміз. Мамандар оқушылардың білім деңгейін арттыру бойынша жұмыс істейді. Бірақ, аз уақыттың ішінде барлық мәселені шешу қиын.

Дана Ешкенова