Бизнес және экономика

Салық заңнамасындағы өзгерістер

Наурыз айының 1-інен облыста «салық төлеушінің паспорты» енгізілді. Бұл құжат азық-түлік сату, қоғамдық тамақтану саласында, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын, сондай-ақ, жабық базарларда еңбек ететін кәсіпкерлер үшін қажет. Салық төлеушінің паспортын алған жанға арнайы QR-код қоса беріледі екен. Ол арқылы тұтынушы кәсіпкер жайлы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, тұрғындар осы мәліметті пайдалана отырып, түрлы заңбұзушылықтарға жол берген бизнес иесінің атына шағымдана алады.

Ерік Құрмашев, СҚО бойынша МКД басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

– Кәсіпкер туралы мәліметті сәйкестендіру үшін сатып алушы кәсіпкердің кассалық аймағында орналасқан QR-ты сканерлейді.

Бердимурат Баймухан