Қылмыс

СҚО-да жазасын өтеп жатқан ер адамнан есірткі табылды

Облыста сотталған адамнан есірткі табылды.

Қауіпсіздік деңгейі минималды болып саналатын ЕС-164/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 44 жастағы ер адам дүкенге барған. Колонияға келісімен оны тексеру барысында киімінен белгісіз бір зат анықталады. Химиялық сараптама қорытындысында табылған заттың “экстракциялық апиын” екені белгілі болды. Салмағы 1 грамға жетпейді. Қызылжар аудандық сотының шешімімен ер адамға 15 АЕК көлемінде, яғни 46 мың теңге айыппұл салынды.

Дана Ешкенова