МТРА жаңалықтары

«Adal» мен «Amanat» партиялары біріктірілді

Кеше елордада «Amanat» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Жиында мемлекет басшысы аталған саяси ұйымның төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді.

Партияның жаңа жетекшісі ретінде ұсынылған Ерлан Қошановтың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Adal» партиясының «Amanat»-пен бірігуі жөніндегі ұсынысты құптайтынын айтты. Жергілікті «JasOtan» жастар қанатының мүшелері бұл бастаманы біз де қуана қабылдадық дейді. Филиал төрағасы Біржан Құдайбергеновтың айтуынша бұл алдағы уақытта біраз істің басын қайыруға жол ашпақ.

Біржан Құдайбергенов, «Jas Otan» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Екі партияның күшін біріктірген дұрыс. Біз біріксек, алдағы уақытта көп жұмыс атқарылады.

Бердимурат Баймухан