Қылмыс

СҚО-да жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 68 факті тіркелді

Облыста жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 70-ке жуық факті тіркелді. Осы ретте заңға қайшы әрекет еткен 50 адам ұсталды.
Барлығы – 18 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның 1 кг-дан астамы – синтетикалық түрі, 200 грамға жуығы – гашиш, қалғаны – марихуана. Алғашқы айлардың өзінде интернет арқылы синтетикалық есірткі сатқан 12 адам құрықталды. Есірткі қылмысының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары ақпараттық-түсіндіру шараларына екпін беріп жатыр. Наша алдында жастар жағы осал келетіндіктен профилактикалық шаралар осы ортада жиі өткізіледі.

Данаш Хамзина