Қылмыс

Полицейлер заңсыз жолаушыларды анықтау бойынша рейд жүргізіп жатыр

Полиция қызметкерлері көліктік бақылау инспекторларымен бірге заңсыз жолаушы тасымалдаушыларды анықтау бойынша рейд жүргізіп жатыр. Көлігінде жүгі пен жолаушысы бар темір тұлпар иелерін тоқтатып, құжаттарын тексеруде.

Тиісті тасымал түріне рұқсат беретін құжат болмаса, рөлде отырған адамның көлігіндегі жолаушы мен жүктің жағдайына қатысты жауапкершілігі де кемиді. Сол себепті, тәртіп сақшылары жолаушы тасымалымен жеке айналысатын азаматтар жүргізуші ретінде ресми түрде жұмысқа тұруы қажет дейді. Бұл жолаушының да, тасымалдаушының да құқығын қорғауда өз септігін тигізеді. Жалпы, жыл басынан бері облыс жолдарында такси қызметімен заңсыз айналысып жүрген 8 адам ұсталған.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

Осындай фактілердің бірі облыс орталығында анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Данаш Хамзина