Әр түрлі

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда

 

Жағымды жаңалықты естіп, бірден сауда нүктесіне келген қала тұрғындарының бірі – Қалима Салиқова. Азаматша өзіне жазғы аяқ киім іздеп жүр екен. Көңілінен шыққан тауарды бірден тауып алыпты.

Қалима Салиқова, қала тұрғыны:

– Менің табан сүйегімнің ерекшелігіне қарай аяқ киім таңдау қиын. Ал мұндағы тауарлар ыңғайлы, сапасы да жақсы екені көрініп тұр. Сондықтан, өзіме ортопедиялық аяқ киім сатып алдым.

Менеджерлер әр тауардың неден жасалғанын айтып, ақыл-кеңес беруге, аяқ киім таңдасуға дайын. Мысалы, мына шетелдік өнім жазға арналған. Саудагерлердің айтуынша, жақында жеткізілгенімен 15 жұптан 8-і ғана қалыпты.

Иван Войтенко, сату жөніндегі менеджер, БР:

Мына аяқ киім өте ыңғайлы. Бауы жоқ, жеңіл әрі жұмсақ. Басты ерекшелігі – тауар ортопедиялық негізде жасалған. Бұл табаны жалпақ, сүйегі шығыңқы келген адамдарға дәл келеді.

Тұтынушылар арасында таза былғарыдан жасалған өнімге сұраныс жоғары екен. Келушілер аяқ киімнің сапасымен қатар, бағасының тиімділігіне де қызығушылық білдіруде. Жалпы ақпар, жәрмеңкеден әйелдерге арналған тауардың 35 пен 43, ал ерлерге 40 пен 49 аралығындағы өлшемдерін табуға болады

Елизавета Пливцева, сату жөніндегі менеджер, БР:

– Әр тауардың үлгісі әр түрлі. Басым бөлігі ортопедиялық болғандықтан, негізінен аға буын өкілдері арасында сұранысқа ие. Қазір жазғы аяқ киімге қажеттілік артып келеді. 700-ге жуық жұп қалды. 500-ге жуығын саттық.

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі шаһарда мамырдың 1-іне дейін жалғасады. Тұрғындар қажетті тауарды Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша тұрған нысаннан таба алады.

Данаш Хамзина