ТЖ

“Munai invest Ko” мұнай базасының аумағы өртке оранды

Облыс орталығының шеткері ауданында 10 гектар құрғақ шөп пен қамыс өртенді.

Сағат таңғы 11-лер шамасында Теплые кусты көшесінің басынан көтерілген қызыл жалын “Munai invest ko” серіктестігінің мұнай базасына дейін жеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға 80-ге жуық өрт сөндіруші мен 30-дан астам техника жұмылдырылды. Өрттің бетін қайтаруға 4 сағат кеткен. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Бердимурат Баймухан