COVID-19: Қазақстан

Вакцинация науқаны жалғасуда

Қазіргі күні Петропавлдағы №1 қалалық емханада 69 мың адам тіркеуде тұр. Оның 43 мыңына екпе алуға рұқсат етілген. Вакцина алуға қақуарлы жандардың 80 пайызға жуығы иммундау шарасының курсынан толық өткен. Яғни, 34 мың адам. Қазір енді ақхалаттылар тұрғындарды ревакцинадан өтуге шақырып жатыр.

Николай Новиков, №1 қалалық емхана директорының міндетін атқарушы:

Қазіргі күні “Pfizer” вакцинасы тұрғындардың барлығына қолжетімді. Кез келген жастағы адам келіп салдыра алады. Бұрын екпенің бұл түрі белгілі бір санаттағы жандарға ғана қойылатын. Аталған препаратты қабылдаған жандар шетелге еш кедергісіз қатынай алады.

Қазіргі күні №1 қалалық емханада 1,5 мың адам “Pfizer” вакцинасын қабылдапты. Дәрігердің сөзінше екпе алған жандарда ешқандай кері әсер байқалмаған. Иммундау шарасынан өткендердің арасында аяғы ауыр әйелдер, бала емізіп жүрген аналар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер де бар.

Николай Новиков, №1 қалалық емхана директорының міндетін атқарушы:

Жалпы, бізде 9,5 мың адам түрлі препаратпен ревакцинациядан өтті. Күніне 80-10 адамға дейін келіп екпе қабылдайды. Иммундау шарасын тоқтатуға болмайды. Қалыпты өмірге толық оралу үшін адамдардың барлығы вакцина қабылдауы керек.

Айта кеткен жөн, соңғы 3 аптаның ішінде №1 қалалық емханада ешқандай адамнан коронавирус анықталмаған.

Бердимурат Баймухан