Қылмыс

СҚО-да бір түнде 8 мас жүргізуші ұсталды

Облыста бір түнде 8 мас жүргізуші ұсталды. Соның үшеуі қала көшелерінде жүйтіп жүрген кезінде құрықталды.
Ішіп алып рөлге отыру жолда жүре ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Оның салдары соқпақты. Осы жылдың бірінші тоқсанында өңірде мас жүргізушілердің кесірінен 21 көлік апаты болды. 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды.
Бүгіннен облыс көлемінде “Құқықтық тәртіп” деген атаумен жедел-профилактикалық шара бастау алды. Оның барысында көлік жүргізу кезінде немқұрайлық танытқандарды анықтау жұмысына қарқын қосылады.

Данаш Хамзина