Әр түрлі

Кісі өлімімен болған көлік апатына қатысты тергеу жүріп жатыр

Сенбі күні кісі өлімімен болған жол-көлік апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Челябі-Новосібір тасжолы бойында зардап шеккен науқастар тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаторлық ем қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейік, Петропавл-Полудино бағытында кетіп бара жатқан Газель көлігі трассадан ұшып кетіп, 16 жастағы жолаушы қаза тапты. 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сол сәтте 2 адамға жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде көмек көрсетілген.

Дана Ешкенова