Құрылыс

Қазақстанда құрылыс материалдарының импорты азаяды

Қазақстанда құрылыс материалдарының импорты азаяды. Бұл бағытқа мемлекет 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартпақшы.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше ішкі нарықтың сұранысын жабу үшін 2025 жылға дейін 157 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың жалпы құны 998,1 млрд теңгені құрайды. Бастама қолға алынған соң 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Өз кезегінде бұл құрылыс материалдары бағасының арзандауына жол ашады. Биылдың өзінде елімізде 52 инвестжобаны қолға алу көзделіп отыр. Осыған орай «Құрылыс индустриясы жобаларын 2025 жылға дейін іске асыру жөніндегі жол картасы» әзірленді.

Бердимурат Баймухан