МТРА жаңалықтары

СҚО-да жыл басынан бері жануарлардың қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы болды

СҚО-да жыл басынан бері жануарлардың қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы болды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Далада қараусыз жүрген төрт түлік көп жағдайда жолға шығып кетеді. Оны көлік жүргізушілері күндіз көріп үлгерсе, түнде байқамай қалуы мүмкін. Салдарынан жол-көлік апаты туындауы ықтимал. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында тасжолдарға патрульдік көлік пен жануарлардың макеті қойылған. Бұндай жабдықтар темір тұлпар тізгіндеген жандарға аса абай болу қажеттігін еске салып тұрады.
Облыс бойынша барлығы 40-тан астам макет қойылған.
Ал қараусыз жүрген мал ұсталып, арнайы қоршауға қамалады. Иесіне айыппұл салынады.

Азамат Жамұқов, СҚО ДП ЖПҚБ аға инспекторы:

– Жыл басынан бері төрт түлігін қараусыз жіберген 320 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 408-ші бабы бойынша жауапқа тартылды. Жергілікті атқарушы орган тарапынан иесіз жүрген малды қамауға арналып 230 шашпа салынды. Оған жыл басынан бері мыңнан астам жануар қамалды.

Данаш Хамзина