МТРА жаңалықтары

Петропавлда өрттен 60 жастағы ер адам қаза тапты

Петропавлда өрттен 60 жастағы ер адам қаза тапты. Жағаұстатарлық жағдай кеше кешке Колхозный Косогор көшесіндегі 33-ші үйде болды.

Оқиға орнына құтқарушылар келген сәтте газ балоны жарылған үй лапылдап жанып жатқан екен. Тілсіз жауды ауыздықтауға 2 техника тартылды. 8 адам қызыл жалынмен бір сағат бойы күрескен. Нысан тұтас жанып кетті, жақын маңда орналасқан монша мен көршілес саяжайға да зақым келіпті. От жалмаған аумақ 108 шаршы метрді құрайды. 60 жастағы ер адамның күйген денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бердимурат Баймухан