Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жазғыларымен толықты

Әр түрлі

19:50 22 Сәуір 2022

Жәрмеңкеде сапалы әрі ыңғайлы аяқ киім сатып аламын дейтіндердің қатары қалың. Бәрі мүмкіндікті пайдаланып, бір емес бірнеше тауар сатып алып жатыр. Солардың бірі – Сапарғали Муханов. Ер адам зайыбымен бірге Беларусь аяқ киімін сатып алу үшін Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылынан арнайы келген.

Сапарғали Муханов, Аққайың ауданының тұрғыны:

– Теледидардан Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатқанын көрдік. Бұл елдің тауарларының сапасы әрдайым жоғары. Сондықтан, өзіме және әйеліме осы жерден аяқ киім сатып алуға келдім. Зайыбыма жазғысын таңдап қойдық. Енді өзіме қарастырып жүрмін. Сапасы жақсы әрі бағасы да қолжетімді.

Жәрмеңкеде кез келген адамның талғамынан шығатын тауардың түр-түрін кезіктіруге болады. Жалпы, 4 күннің ішінде теріскейліктер 200 жұптан астам Беларусь аяқ киімін сатып алған. Жәрмеңкеге бүгін жаңа тауар жеткізілді. Аяқ киімдердің саны 400-ден асады.

Елизавета Поливцева, сату жөніндегі менеджер, Беларусь Республикасы:

– Петропавлдықтарды аяқ киімдер жәрмеңкесіне шақырамыз. Тауардың барлығы сапалы материалдан тігілген. Оған қоса өнімнің басым бөлігі ортопедиялық. Әзірге, жәрмеңкеге 500-ден астам аяқ киім қойылған.

Тұрғындар қажетті тауарды Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 7-ге дейін жұмыс істейді. Айта кетейік, Беларусь аяқ-киімдерінің сатылымы мамырдың 1-іне дейін жалғаспақ.

Бұдан әрі оқыңыз

Дауылдың салдары
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментінде ашық есік күні шарасы өтті
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Кісі өлімімен болған көлік апатына қатысты тергеу жүріп жатыр
ПЕТРОВКА АУЫЛЫНДА ЖЕҢІС АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда
И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада еске алу кеші өтті
Повозочное ауылының тұрғындары “AMANAT” партиясына жүгінді
90-ға тарта тігіншінің басын қосқан “Korpe Fest” фестивалі аяқталды
Референдум – халық талабының жауабы
Петропавлда жалпықалалық сенбілік өтті