Спорт

Балуандар 6 салмақ дәрежесі бойынша белдесуде

Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкіпірінен сайдың тасындай іріктелген белді де білекті палуандар келген. Жігіттердің көбісі жастайынан спортқа әуес жандар екен. Қайыр Мұхамедия – самбо күресінен спорт шебері. Бұған дейін түрлі халықаралық жарыстарға қатысып көк туымызды желбіреткен. Бүгінде нұр-сұлтандық палуан жақсы белдесіп, алғашқы қарсыласынан басым түсті.

Қайыр Мұхамедия, жарысқа қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етемін. Биыл алғаш рет осындай жарысқа қатысып жатырмын.

Облысымыздың төріндегі боз кілемде белдесуге барлық күш құрылымдарының өкілдері келген. Яғни, ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, ұлттық ұлан, төтенше жағдайлар министрлігі мен шекара қызметкерлері. Спортшылар осында 2 күн бойы мықтыны анықтайды.

Серік Шәйкенов, жарыстың төрешісі:

– Еліміздің барлық облыстарынан спортшылар келді. Олар 6 салмақ дәрежесі бойынша бәсекелесіп жатыр.

Жарысқа жалпы саны 160 палуан қатысып жатыр. Финалдық кезеңде жұлдызы жанғандарға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің атынан диплом табысталады.

Бердимурат Баймухан