80 мыңға тарта қызылжарлық қоқыс төгуге құлықсыз

МТРА жаңалықтары

19:54 22 Сәуір 2022

80 мыңға тарта қала тұрғыны қоқыс төгуге құлшыныс танытпай отыр. Петропавлдықтар арнайы ұйымдармен келісімшарт жасасып, қалдықтарды жәшіктерге тастаудың орнына, далаға лақтыруда.

Осылайша, қоршаған ортаны ластауда. Мәселен, бұл – ерке Есілдің жағасы. Әуеге көтерілген сымсыз аппараттың көмегімен жар бойында шашылып жатқан артық дүниені көруге болады. Мұндай жағымсыз көрініс облыс орталығының өзге де аудандарында кездеседі. Аз-кем статистикамен бөлісейік. Былтыр қаламызда рұқсат етілмеген 102 қоқыс төгу алаңы анықталыпты. Олардың барлығы жойылған екен. Айналаның тазалығына бейжай қарайтын адамдардың арасында сараң жандар да бар. Олар қызмет ұсынушы компаниялармен келісіп алып, әлі күнге төлем жасамай келеді. Бүгінде қарыз көлемі 1,5 млн теңгені құрап отыр.

Әсем Айтулова, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Мұндай проблема әр жыл сайын туындайды. Жеке секторда тұратын жерлестеріміз “қоқысты пеште жағамыз” деген сылтауды желеу етіп, арнайы ұйымдармен келісім жасаспайды. Мәселеге тереңірек үңілсек, қалдықтардың отқа емес, далаға тасталатынына көз жеткіземіз. Тұрғындарды қоршаған ортаны аялауға шақырамыз!

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да жыл басынан бері жануарлардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді
МТРА жаңалықтары 13.05.2022
Кенелерді улау жұмыстары жүргізілуде
МХҚКО-да жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау жұмысы жанданды
Мал шаруашылығын дамыту
Жүк көлігінің жүргізушісі 2 жылқы мен 6 қойды соғып кетті
Облыста тамақ өнімдерінің өндірісі 7%-ға өсті
ҮЙ МАҢЫНДАҒЫ АВТОТҰРАҚТАР ЖАЙЛЫ
“Музей түні” шарасы
“Amanat” партиясының өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесті
Ауыл әкімдерін халық сайлау – көңілден шыққан бастама
Қазақстандағы астық қоры 6,6 млн тоннаны құрайды