Қылмыс

СҚО-да мал ұрлығы азайды

Облыста мал ұрлығы азайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша статистика тең жартысына кеміген.
2020 жылы өңірде мал ұрлауға қатысты 47 факті тіркелсе, былтыр 29 жағдай анықталған. Ал биыл небәрі 3 факті болыпты.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша көп жағдайда мал далада қараусыз қалған жерінде қолды болады екен. Осы орайда 2020 жылы ҚР ҚК-іне “Мал ұрлау” деген атаумен жаңа бап енгізілген. Онда төрт түлікті қолды қылған адамға қатысты 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу, тіпті, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал малын жайылымға өздігінен жібере салған жанға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мандардың айтуынша бұл шаралар мал ұрлығының азаюына ықпал етіп отыр.

Данаш Хамзина