МТРА жаңалықтары

 «Петропавл-Есілкөл» және «Петропавл-Петухово» электр пойыздарының қозғалысы жанданады

«Петропавл-Есілкөл» және «Петропавл-Петухово» электр пойыздарының қозғалысы жанданады.
Бұл жөнінде өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов пен Оңтүстік Орал теміржолының басшысы Игорь Рязановтің кездесуінде келісілді. Электр пойыздарының қозғалысы 2 жыл бұрын пандемияға байланысты тоқтатылған болатын. Аталған көлік түрі шекаралас облыстардың тұрғындары арасында аса сұранысқа ие деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сондай-ақ, кездесуде «Маслодел» серіктестігі салып жатқан майды экстракциялау зауыты үшін қажетті кірме теміржол салу мәселесі талқыланды. Облыс үшін өте маңызды өндіріс ошағы. 15 млрд теңге инвестиция тартылуда. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жобаны тез арада бекіту жайында келістік.

Дана Ешкенова