Ауыл шаруашылығы

Қазақстанда АӨК-ті дамытуға 2,7 трлн теңге бөлінеді

2021-2025 жылдары Агроөнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға мемлекеттік бюджеттен 2,7 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр.

Соның 414 млрд-ы биыл бағытталады. Бұдан бөлек үстіміздегі жылы бюджеттен тыс қаражат көлемі 1 трлн теңгені құрауы мүмкін. Осы бастамалардың есебінен еңбек өнімділігі 2025 жылға қарай 6,2 млн теңгеге дейін артадыдеп болжанып отыр. Өнім экспорты 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге, яғни 6,6 млрд долларға дейін өсуі тиіс, ал өңделген өнімнің үлесі 70%-ға жетпек.

Бердимурат Баймухан