МТРА жаңалықтары

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы түрлі заңдар қабылданып, жыл сайын отбасының шырқын бұзатын жандарға қарсы тәртіп қатаңдатылып келеді. Бірақ, сонда да Қазақстанда жыл сайын 80 мыңға жуық жанжалқойға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылады екен.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

– Соттар құқықбұзушылықтардың мінез-құлқыны 10 мыңға жуық ерекше талаптар белгілейді. Белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұзғаны үшін 6 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл адамдар профилактикалық есепке қойылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ортырысында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі қызмет жасайтын инспекторлар бөлімінің шататын нығайту керек» деген болатын. Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспановтың сөзінше қазіргі күні еліміз бойынша бұл мамандардың саны екі есеге артыпты.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

– Бұл қызметкерлер өтініштерді қабылдайды. Жәбірленушілерге заңгерлік-психологиялық көмек көрсетеді. Жергілікті атқарушы огандармен ынтымақтасыды.

Тәртіп сақшылары отбасында қысым көрген жандарды 102 нөміріне немесе арнайы мобильдік қосымша арқылы мамандардың көмегіне жүгінуге болады дейді.

Бердимурат Баймухан