Жылу желілері кәсіпорны техникалық келісім шарт жасасуды уақытша тоқтатты

МТРА жаңалықтары

23:26 20 Сәуір 2022

Бүгінде Жылу электр орталығындағы жағдай мәз емес. 61-ші жылы іске қосылған нысандағы агрегаттар 75 пайызға тозып тұр.
Биылғы қауырт маусым солтүстікқазақстандықтар үшін оңайға соққан жоқ. Бір емес бірнеше рет үйлерде жылу қарқыны төмендетілді. Келесі жылыту маусымында апатты болдырмау мақсатында бүгінде Жылу электр орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Алайда, орталықта өндірілген жылуды тарататын кәсіпорын басшылығына бүгінгі ахуалға байланысты бірқатар шешім қабылдауына тура келген.

Виталий Холоша, «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас инженері:

– “Петропавл жылу желілері” серіктестігі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу үшін техникалық шарт беруді тоқтатты. Яғни, жылу жүйесіне қосылып үлгермегендерге биыл жылу берілмейді. Себебі, жаңадан салынып жатқан нысандарға Петропавлдағы 2-Жылу электр орталығының қуаттылығы жетпейді. Сол себепті, осындай шешім қабылданды.

Ал орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттарды бүгінге дейін алып үлгерген жандарға еш алаңдаудың қажеті жоқ. Оларға тиісті құбырларды өткізіп алуға қыркүйекке дейін уақыт беріліп отыр. Ал аталған мерзімге дейін үлгермегендердің техникалық шарты жарамсыз болып қалады.

Виталий Холоша, «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас инженері:

– Петропавл жылу желілері» серіктестігінің бұрынғы тұтынушыларына бұл өзгерістер еш әсер етпейді. Оларға жылу уақытылы беріледі. Бүгінде біздің серіктестік 76 мың тұтынушыға қызмет көрсетеді.

Мамандардың сөзінше, қолға алынған шаралар, әрине, уақытша. Бірақ, қашанға дейін созылатыны белгісіз.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

«Adal» мен «Amanat» партиялары біріктірілді
«Қызмет» кәсіподақ ұйымына – 94 жыл
Геология саласының жай-күйі мен оның дамуы туралы баяндалды
Қалалық мәслихаттың сессиясы өтті
Петропавлда ювеналдық полиция есебінде 80 отбасы тұр
“Апта Байболат Бектемірұлымен” 15.05.2022
Қаладағы көшелерде қозғалыс шектелмек
ҚХА сессиясына қатысқан жерлестеріміз өз пікірін білдірді
Облысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров келді
ҮЙ МАҢЫНДАҒЫ АВТОТҰРАҚТАР ЖАЙЛЫ
Бюллетень неден тұрады?
“Электрондық еңбек биржасы” порталындағы өзгерістер