Спорт

Теріскейлік палуан Азия чемпионатында күміс еншіледі

Солтүстікқазақстандық спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық. Грек-рим күресінің шебері Аманғали Бекболатов кезекті жүлдесіне қол жеткізді.

Жерлесіміз кеше 55 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Палуан аталған құрлықтық бәсекеде финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Ал соңғы кезеңде жапониялық Ю Шиотанимен күш сыныстырып, 13 те 2 есебімен алтыннан қол үзіп қалды. Монғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен жарыстың алғашқы күнінде ел қоржыны 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медальмен толықты. Байрақты бәсеке сәуірдің 24-ші жұлдызына дейін жалғасады.

Алдияр Айтпаев