Әр түрлі

Петропавлда «Тең мүмкіндік әлемі» атты ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

“Тең мүмкіндік әлемі”. Қаладағы №2 арнайы мектеп-интернатында ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті.

Асық ату, Бес тас пен Арқан тартудан жоғары сынып оқушылары сайысқа түсті. Балалардың бұл ойындарға деген қызығушылығы зор әрі ережелерін де жақсы біледі екен. Өйткені, мектепте баланың дамып, жетілуіне септесетін осындай ойындар жиі ұйымдастырылып тұрады. Соңында жеңімпаздар мен қатысушылардың барлығына мақтау қағаздары мен шағын сыйлықтар таратылды.
Балаларға арналған тарту-таралғыны “Аmanat” партиясының өкілдері әкелген.

Иманғали Татбаев, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– “Аманат” партиясының съезінде партиялық жарналардың 20 пайызын қайтару туралы айтылған болатын. Сол қаражатқа Балалар жылы аясында өткізілетін шараларға арнап өзіміздің сыйымызды алып қойдық. Партия филиалы бұл шараны алғашқы болып осы мектепте ұйымдастыруды шешті. Жастардың арасында ұлттық ойындардан сайыс өткізудің маңызы зор.

Самал Жунусова