Әр түрлі

Қазақстандық археолог Виктор Зайберт өмірден озды

Көрнекті ғалым, археология профессоры Виктор Зайберт өмірден озды. Виктор Федорович 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Есіл ауданында дүниеге келген. Әйгілі ғалым – Қазақстаннның археологиясы мен ежелгі тарихы туралы ғылыми жаңалықтардың, монографиялар мен көптеген мақалалардың авторы. Ол алғаш болып 1980 жылы әлемді Ботай мәдениетімен таныстырған бірегей археолог және жылқы малының ең бірінші қолға үйретілген жерін тапқан адам. Виктор Зайберт бар ғұмырын тарих саласына арнап 75 жасында өмірден өтті. Арна ұжымы ғалымның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Бердимурат Баймухан