ТЖ

Саяжайларда өртке қарсы рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр

Соңғы уақыта қала маңындағы саяжайларда өрт оқиғалары жиілеп кетті. Бұған көп жағдайда адамның немқұрайлылығы себеп болып отыр. Сәуір айының басынан бау-бақшаларда 25 өрт тіркелген. Қазір төтенше жағдайлар департаментінің мамандары саяжай учаскелерінде рейд шараларын өткізіп жатыр. Тұрғындарға жадынама таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

– Сәуір айының алғашқы жұлдызынан облыс бойынша өрттің қауіпті кезеңі басталды. Осы айда өңірде құрғақ қамыстың жануы жиілеп кетті. Барлығы – 300-ден астам жағдай тіркелді. Тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз.

Самал Жунусова