МТРА жаңалықтары

Петропавлда 3 бірдей көлік соқтығысып қалды

Петропавлда 3 бірдей көлік соқтығысып қалды. Оқиға кеше түнде болған.

2 “ВАЗ” және “Mersedes-Benz” маркалы машиналар Жамбыл және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында соғылды. Бір адам жарақат алды. Ол ауруханада қаралғаннан кейін үйіне жіберілді. Жалпы, жыл басынан бері облыста 40 жол-көлік оқиғасы олған. Салдарынан 55 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды.

Алмас Еркешов, қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:

– Куәләндіру нәтижесінде барлық жүргізушілер сау болғаны анықталды. Ешқайсысы да ішімдік ішпеген. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша шешім қабылдау үшін материал әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды.

Алдияр Айтпаев