МТРА жаңалықтары

Абайлаңыз, кене!

 

Біреу білсе, біреу білмес, кенеден ең қауіпті инфекцияның бірі – “Кене энцефалиті” таралады. Ол адамның ми қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйенің зақымдануына әкеп соғады екен. Былтыр бұл вирусты облыста 9 адам жұқтырыпты. Абырой болғанда, қансорғыш жәндіктен ешкім қатты зардап шекпеген. Себебі, науқастанғандар медициналық көметі дер кезінде алған.

Айнаш Сағандықова, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– Сақтық шараларына тоқталайық. Орманға барғанда ашық түсті киім киген дұрыс. Ондай киімнен жәндік айқын көрінеді. Адамды шығып алған жағдайда ол жерді спиртпен өңдеу керек.

Бірден жедел жәрдем қызметіне жүгінуді де ұмытпаған жөн дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова. Қазіргі күні облысымызда кенелерді улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маңызды шаруа Петропавлдан бөлек, өңірдің өзге де елді мекендерінде қолға алына бастапты.

Айнаш Сағандықова, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– Кене, маса мен шыбын-шіркейлерді азайту бойынша жұмыстар жыл сайын жүргізіледі. Қазіргі күні шаруа Мамлют ауданында жүргізіліп жатыр.

Күн жылынып, қардың көбесі сөгілгені кеше ғана. Биылдыққа облысымызда кене шағудың 6 жағдайы тіркеліп үлгеріпті. Мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Бердимурат Баймухан