Спорт

Шайбалы хоккейден облыс әкімінің кубогы үшін турнир өтті

Шайбалы хоккейден өтіп жатқан облыс әкімі кубогының финалдық турына 4 команда қатысуда. Қазір мұз үстінде – Ғ. Мүсірепов ауданы мен Петропавл қаласының ойыншылары. Олар 2-ші және 4-ші орын үшін бәсекелесіп жатыр. Алғашқы периодта айдын қонақтары жақсы ойын көрсетуде. Олар 11-ші минутта бірінші шайбаны соғып, есеп ашты.

Ойынның бірнеше минутынан кейін айдын иелері жауап қайтарып есепті теңестірді. Осыдан соң кездесу қыза бастады. Қос тарап бір-бірінің қақпасына жиі шабуылдап, бірнеше шайбаны дәл дарытты. Осылайша бірінші айналым 2:3 есебімен аяқталды. Әзірге, петропавлдықтар алда.

Ойынның екінші айналымы да өте тартысты өтті. Екі құрама қақпаларына бір-бір шайбадан дарытты. Ал нағыз бәсеге кездесудің соңғы периодында басталды. Бұл жолы қонақтар асқан шеберлік танытты. Имектаяқшылар қатарына 4 шайба соғып, петропавлдық құраманы 9:4 есебімен басып озды.

Дмитрий Морозов, Ғ.Мүсірепов аудандық құрамасының шабуылшысы:

– Біз үшін бұл жеңістің маңызы айрықша. Көктем келіп, күн жылынғанан бері мұз үстіне шықпадық. Облыс әкімінің кубогіне жылда қатысамыз. Командамыз үзлік үштіктен ешқашан түскен емес.

Бұл жолды да Ғабит Мүсіреповтік құрама үздіктердің қатарынан көрінді. Тартысты бәсекеден соң олар 2-ші орынға табан тіреді. Үшінші орынға көкшетаулық команда жайғасса, Мағжан Жұмабаев ауданының спортшылары жүзден жүйрік атанды. Турнирдің соңында ойыншылдарды облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов құттықтап, жеңімпаздарға кубок, медаль, грамота мен ақшалай сыйақы табыстады.

Бердимурат Баймухан