Аптадағы маңызды жаңалықтар

Астық тазалау-кептіру кешені мен тұқым дайындау желісі іске қосылды

Мерген ауылы жыл өткен сайын өркендеп келеді. Елді мекенде жаңа үйлер салынып, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп жатыр. Мына “Жастар” спорт залы өткен жылдың желтоқсанында қолданысқа тапсырылған. Болашақ чемпиондар жаттығып жүрген нысанды жергілікті кәсіпкер Сергей Окунев өз қаржысына салған.

Сергей Окунев, “Гермес Агро” ЖШС директоры, Шал ақын ауданы:

– Мұндай нысан салуды бұрыннан ойластырып жүргем. Нысан ішінде жаттығу құралдары, волейбол, футбол, баскетбол ойнауға арналған алаңдар бар. Жоба құны 46 млн теңгені құрады.

Сергей Окуневтің бастамасы жергілікті өзге де кәсіпкерлер тарапынан қолдауға ие болған екен. Бірнеше іскер азамат спортзалға қажетті жабдықтарды алуға ниет білдіріпті.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Өткен жылы ауылішілік жолдарға асфальт төселді. Нәтижесінде ауыл нұрлана түсті.

Бұдан кейін өңір жетекшісі кәсіпкер Сергей Окуневтің агроқұрылымында болып, астық тазалау-кептіру кешені мен тұқым дайындау желісін іске қосты. 1,5 млрд теңге құйылған желінің қауқары сағатына 46 тонна дақылды өңдеуге жетеді.

Борис Орехов, “Полымя” ЖШС ШҚОФ шетекшісі:

– Бұл кешен толықтай автоматтандырылған. Барлық деректер зауыттың серверіне жіберіледі. Онда жасанды интеллект туындауы мүмкін ақаулықты анықтайды. Кешенде 2 жұмысшы ғана жұмыс істейді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов мұндай кешенді жиналған аграрийлерге де жағдайлары жетсе салуды ұсынды.

Алдияр Айтпаев