МТРА жаңалықтары

“Солтүстік Қазақстанның киелі жерлері” картасы кеңейтілді

Ақжолтай жаңалық! “Солтүстік Қазақстанның киелі жерлері” картасы кеңейтілді. Жақында тізімге 1918-ші жылдың жазында Алаш қайраткерлерінің қатысуымен жиын өткен жер қосылды.

Арнайы комиссия мақұлдаған тарихи орын республикалық маңызға ие. Ол Жамбыл ауданына қарасты Петровка ауылының маңында орналасқан. Бір кездері бұл мекенде төңірекке төрт түлігі сыймаған қазақтан шыққан алғашқы миллионер Әлти байдың жайлауы болыпты. Осы кісі қаржы бөліп, алқалы басқосуды ұйымдастырған екен. Қоғам қайраткері Міржақып Дулатов сөз сөйлеген іс-шараға жергілікті және Атбасар, Көкшетау, Омбы мен Қорғаннан келген жалпы саны 10 мыңдай адам қатысыпты. Жиынның қорытындысы бойынша Алаш армиясы құрылған. Әскердің жасақталғаны туралы деректер Мағжан Жұмабаевтың еңбектерінде кездеседі.

Назерке Рамазанова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің архивисі

– Бұл іс-шараның негізгі мақсаты қазақ жігіттерінен әскер құру болған. Алаш қайраткерлері осылайша большевиктерге қарсы тұруды және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздеген. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу бойынша тағы бір жаңалығымыз бар. Тимирязев ауданынан “Байқала” атауымен тарихта қалған байлардың лагері табылды. Бұл лагерден мал-мүліктері тәркіленген байлар еліміздің басқа өңірлеріне жіберіліпті.

Байболат Култанов