Ауыл шаруашылығы

Сәуірдің 16-сы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Апталық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қайта оралды. Ертең, сәуірдің 16-сы, облысымыздың 7 ауданы өздерінің балғын өнімдерін Петропавлға жеткізбек. Сатылымға барлығы – 6 тонна тауар шығарылады. Шаһарлықтар үшін сөрелерге 1,5 тонна сүт, 2 тонна ет өнімдері қойылады. Сондай-ақ, балық, картоп пен өзге көкөніс түрлерін нарықтық құннан 20 пайызға төмендетілген бағамен алу мүмкіндігі туады. Шара Алтын Арман, коммуналдық базар мен “Дария”-да ұйымдастырылады. Жәрмеңке таңғы 9-дан бастау алмақ.

Бердимурат Баймухан