Денсаулық сақтау

Облысқа Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келді

Бүгін өңірге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келді. Ол Қызылжар ауданындағы Знаменск ауылының дәрігерлік амбулаториясында болды. Медициналық мекемеге 10 елді мекеннен 3 мыңға жуық адам келіп қаралады екен.
Ауылда 4-ші күн қатарынан көшпелі медициналық кешен жұмыс істеп тұр.
Мұнда тұрғындарды тар бейінді 10 дәрігер қабылдап жатыр.
Сондай-ақ, Ажар Ғиният Ноғайбай ауылындағы медпункт пен М.Жұмабаев ауданының ауруханасын аралады. Денсаулық сақтау министрінің өңірге іссапары жайлы толық материалды ертең сағат 15.00.-дегі күндізгі жаңалықтардан көре аласыздар.

Бердимурат Баймухан