МТРА жаңалықтары

Жылу шығындарына қатысты кезекті сот отырысы өтті

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне тұрғындардан «Севказэнергосбыт»-қа қатысты арыз келіп түскен. Азаматтардың айтуынша аталған серіктестік жылу үшін артық төлем алған көрінеді. Осылай деп секем алып отырған тұрғындар «Севказэнергосбыт»-тан 2020-21 жылдарға арналған төлемге қайта есептеу жүргізуді сұрайды.

Алуа Қожахметова, СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:

– Сотқа арыз берген Табиғи монополияларды реттеу департаменті «Севказэнергосбыт» серіктестігі жылулық шығындарды қала тұрғындарының есебінен қайтарып отырған дейді. Осы орайда тұрғындардан шығын үшін қосымша қаржы алмауды талап етеді және өткен жылы жүргізген артық төлемдерді петропавлдықтарға қайтарып беруді сұрайды.

Ал монополистер бұл талаптар тұрғындармен жасасқан келісім шартта көрсетілген деп отыр. Осы орайда түскен арыздың жөнсіз екенін алға тартты.

Наталья Джаманчалова, “Севказэнергосбыт” ЖШС заң басқармасының басшысы:

– 2013 жылы келісімшарт жасадық. Құжатта барлық талаптар жазылды. Тұрғындарға түсіндірдік. Сол кезде ешкім қарсылық көрсетпей, келісті және осы уақытқа дейін ешкім бұл жөнінде арызданған жоқ. Құжатта көрсетілген міндеттен басқа ешқандай артық іс жасамадық.

Сот отырысына қалалық әкімдік пен энергетика министрлігінің өкілдері де қатысты. Барлық тараптар тыңдалған соң облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Алуа Қожахметова істі 22-ші сәуір күні қайта қарауға қалдырды.

Бердимурат Баймухан