Қылмыс

Петропавлда дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Петропавлда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды. Дүкенге түн ортасында бетіне маска тағып алған, қолында пышағы бар ер адам кіріп келген. Пышақпен сатушыны қорқытып, кассада болған ақшаны алып кеткен.
Дүкенші өзі аман. Ол дереу полиция қызметкерлеріне хабарласыпты. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен ұрының ізіне түседі.
Есіл ауданының бұрын сотты болған 23 жастағы тұрғыны жақын маңдағы Белое ауылында ұсталды.

Құмарбек Жоламан, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы, “Қарақшылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шығын сомасы 12,5 мың теңгені құрады. Қылмыскер қамауға алынды.

Дана Ешкенова