МТРА жаңалықтары

Өңірде интернет-алаяқтық фактілері тыйылар емес

Тырнақтап жинаған ақша алаяқтардың қалтасында кетті. Шал ақын ауданының тұрғынына жалған банк қызметкері хабарласып, картасы арқылы сырттай күмәнді операция жүргізіліп жатқандығын айтқан. Есепшоттағы ақшаны сақтап қалу үшін жәбірленушінің телефонына смс-хабарламамен келген кодты сұрайды. Санды теріп, әйел адамның 1 млн 300 мың теңгесін сыпырып алған. Ақша да жоқ, алаяқ та ізін суытқан. Қызылжар ауданының тұрғыны да осылай сан соғып қалды. Ер адамға тағы да бір банк қызметкері хабарласқан. Пысықайлар жәбірленушінің сенімін иеленіп, есепшотынан 3 жарым млн теңгені шешіп алған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Дана Ешкенова