Әр түрлі

Белгілі журналист Мүтәллап Қанғожин өмірден озды

Кеше ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, өңіріміздің құрметті азаматы, белгілі журналист әрі ақын Мүтәллап Қанғожин 85 жасында дүниеден озды. Мүтәллап Мұхамәдиұлы 1937 жылы 17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Қараағаш ауылында туған. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдап, 30 жылдан астам уақыт телевизия саласында еңбек етті. Қаламы қарымды азамат – “Ақ қайыңдар”, “Қызылжар” және “Жыр керуен” атты жыр жинақтарының авторы. Арна ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Бердимурат Баймухан