Мәдениет

“Звонница” орыс және казак әндері халық хорына – 30 жыл

“Звонница” орыс және казак әндері халық хоры концерттің шымылдығын “Дорогая” туындысымен ашты.

Шығармашылық топ қалада өтетін әр концертке қатысады. Өңіріміздің қоғамдық-мәдени өмірімен біте қайнасқан ұжым сонау 92-ші жылы құрылған. 2002-де “Звонница” ансамбліне халық хоры атағы берілді. Бүгінде өнерлі жандарға Сергей Снурницын жетекшілік етеді.

Сергей Снурницын, “Звонница” орыс және казак әндері халық хорының көркемдік жетекшісі:

– Шығармашылық ұжымның құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Өзім хорға 26 жыл бойы мүшелік етемін. Талай халықаралық байқауға қатысып, жеңімпаз атандық. Бүгінде ансамбль 17 адамнан тұрады. Барлығы – зейнеткерлер. Ұйымшыл ұжымымызға жастар келсе, қуана-қуана қарсы аламыз.

Кеште шығармашылық топ репертуарларынан 20-ға жуық композиция орындады. 1 жарым сағатқа созылған концерттен жиналған қауым мол әсер алғандарын айтты. Өнер ұжымының репертуарында украин және орыс тіліндегі 100-ден астам ән бар.

Дана Ешкенова