Петропавл тұрғыны қоқыс өрттегені үшін ескерту алды

МТРА жаңалықтары

23:32 11 Сәуір 2022

Өрт сөндірушілердің ескертуін елемеген жан 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. Осы ретте мамандар тұрғындар арасында рейд шарасын өткізді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қаланың шеткері аумақтарын аралап жүр. Тұрғындармен жүздесіп, қоқысты өртемеу қажеттігін ескертіп жатыр. Өйткені, тұтанған от желдің күшімен өртке ұласып кетуі мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін біреу білсе, біреу білмейді. Кейбіреуінің өзінің айтар уәжі бар.

Евгений Дмитриченко, қала тұрғыны:

– Қоқысты қаланың шет жағына шығарайық десек, біріншіден, апаратын көлік жоқ, екіншіден – шығын. Көлік жалдау үшін орта есеппен 8 мың теңге қажет. Бұның өзіне қаншама уақыт кетеді.

Қалалық ТЖ басқармасының аға инженері Даниэль Саркисян Евгений Дмитриченкоға бұл жолы кешіріммен қарап, ескерту жасады. Ескертуге құлақ аспаған жағдайда оған айыппұл салынуы мүмкін.

Даниэль Саркисян, қалалық ТЖ басқармасының аға инженері

– Қоқысты қала сыртына шығару керек. Оны қала ішінде өртеген жағдайда 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Тұрғындардан тиісті ережелерді сақтауларын сұраймыз.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жыл басынан бері профилактикалық мақсатта 20-дан астам рейд өткізген.

Бұдан әрі оқыңыз

13 ауылдық округте әкім ауысты
ҮЙ МАҢЫНДАҒЫ АВТОТҰРАҚТАР ЖАЙЛЫ
Сапаржайда жаңа бағыттар ашылды
Ауыл шаруашылығындағы шығын көлемі азаймақ
Биыл Петропавлда 36 адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді
«Шұғыл шақырту» бағдарламасы 14.05.2022
Жеңіс саябағында “Достық” аллеясы ашылды
Геология саласының жай-күйі мен оның дамуы туралы баяндалды
МТРА жаңалықтары 13.05.2022
ДІНИ МАЗМҰНДАҒЫ МАТЕРИАЛ ЖАРИЯЛАҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Петропавлда есірткі сату фактілері анықталды
ҚХА сессиясына қатысқан жерлестеріміз өз пікірін білдірді