МТРА жаңалықтары

Есілде мұз жылжып жатыр

Өңірде күн райының орташа температурасы өткен аптадан бері күндіз +7-12 градустың аралығында тұр.

Күннің жылынуына байланысты Есіл мен оған құятын шағын өзендердегі мұздың көбесі сөгілді. Сергеев пен Петропавл су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі де біртіндеп жоғарылап жатыр. Соңғы 2 күнде алғашқы нысандағы көрсеткіш 5 см-ге өзгерген. Қазгидромед мамандары мұны Есілге құятын Бабықбұрлық, Иманбұрлық және Аққанбұрлық өзендерінің көтерілуімен байланыстырып отыр.

Бердимурат Баймухан