МТРА жаңалықтары

Антикор орталығында ашық есік күні өтті

Бүгін жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Ашық есік күні өтті.

Шара барысында мамандар Қозыбаев университетінің студенттерімен кездесті. Қызметкерлер заңгер мамандығына оқып жүрген жастарға шағын экскурсия ұйымдастырып, өздерінің жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, департаментке қызметке орналасуға шақырды. Антикор орталығында өткен шараға 20-дан аса студент қатысты.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Жастардың құқық қорғау органдарында жұмысқа орналасуға ниеттері бар болуы мүмкін. Сондықтан да ең алдымен презентацияны сіздерге таныстыруды жөн көрдік.

Бердимурат Баймухан