Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы техникасын ала алмай отыр

Ауыл шаруашылығы

21:56 8 Сәуір 2022

Серік Малаев канадалық “John Deere” компаниясының ресми дилерімен өткен жылдың қазан айында техника сатып алу жөнінде келісім шарт жасасқан. Ол 280 мың долларға қолданыста болған көлік сатып алғысы келген. 86 мың доллар көлемінде алдын ала төлем де жасап қойыпты. Бірақ, әлі күнге дейін тапсырыс берген дүниесін ала алмай отыр. Айтуынша шетелдік дилер техниканы жеткізуден бас тартып, кәсіпкерді сотқа берген екен.

Серік Малаев, «Ақселеу» ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Техника бойынша барлық құжаттар бар. Бірақ, неге жеткізбей жатқанын түсінбей отырмын.

Қазір трактор Көкшетауда уақытша сақтау қоймасында тұр. Тұрғанына бірнеше ай болған, ал егістік науқаны таяп келеді. Биыл Серік Малаев 3 мың гектер жерге бидай егуді жоспарлапты. Мәселе шешілмесе егін егу жұмыстары да кешеуілдеп қалмақ дейді кәсіпкер. Осыған ұқсас жағдайға өзге де диқандар тап болған.

Лина Ермолаева, СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

– Кәсіпкерлер палатасына 2 аграрий өз мәселелерімен жүгінді. Яғни, «Ақселеу» мен «Наследие-Агро» серіктестігінің басшылары. Қазір олар сот процесімен әлек болып жүр. Қос кәсіпкердің техниканы қалай және не себепті ала алмай отырғандары түсініксіз.

Жергілікті кәсіпкерлер осыған дейін арзан бағамен бұрын қолданыста болған техниканы шетелдік компаниядан тікелей сатып алып жүрген. Ал, сол қосалқы бөлшектер мен көліктерді жеткізумен айналысатын мәскеулік «ДжонДирРусь» компаниясы бұл техникаларды бері қарай өткізгісі келмейді екен. Осылай іскер азаматтарды еліміздегі «Eurasia group» компаниясынан екі есе жоғары бағамен алуға үгіттеуде. Аталған мәселеге байланысты мамандар Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне хат жолдамақ.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Мамлюттік аграрийлер егін егу науқанына толығымен дайын
Қазақстанда АӨК-ті дамытуға 2,7 трлн теңге бөлінеді
Солтүстікқазақстандық аграрийлер егіс науқанына қамдануда
Премьер-Министр өңір аграрийлерімен кездесті
Жұмыртқа өндіруге берілетін субсидия 2 есеге артады
Өңір диқандары мамырдың ортасында дән себуге кіріспек
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету